Қ.Тоқаевты И.Әлиев құттықтады

Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиев Қасым-Жомарт Тоқаевты кезектен тыс Президент сайлауындағы айқын жеңісімен құттықтады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мемлекет басшысы телефондағы екеуара әңгімеде Бакуге ресми сапары кезінде қол жеткізген уағдаластықтар екіжақты қарым-қатынасты жан-жақты нығайтуда басты бағдар болатынын атап өтті. Сондай-ақ қос президент қазақ-әзербайжан стратегиялық серіктестігін одан әрі дамыту жөніндегі бірлескен міндеттерді талқылады.