Ердоған сайлауда жеңіске жеткен Қасым-Жомарт Тоқаевқа тілектестік білдірді

Режеп Тайып Ердоған бүгін арнайы телефон шалып Қасым-Жомарт Тоқаевты құттықтады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мемлекет басшысы Түркия президентіне құттықтауы мен ізгі тілектері үшін шынайы алғысын білдіріп, бұған дейін қол жеткізген келісімдер мен уағдаластықтардың маңызды екенін атады. Тараптар бауырлас елдердің ортақ мүддесіне сай келетін тың бастамаларды жүзеге асыруға дайын екенін жеткізді.