Л.Млечин: Дауыс беру процесі талапқа сай ұйымдастырылды

Қазақстан Қасым-Жомарт Тоқаев сияқты көрнекті саясаткердің басшылығымен алға қадам басады. Ресейлік сарапшы, қоғамдық-саяси хабар тарату дирекциясының директоры Леонид Млечиннің пікрі осыған саяды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оның айтуынша, халқына қамқор болу әрі елдің саяси-экономикалық өміріне тың серпін беру тек Президенттің ғана қолынан келеді. Бұл сайлауда ол әділ жеңіске жетті дейді сарапшы.

Леонид Млечин, қоғамдық-саяси хабар тарату дирекциясының директоры /Ресей/:

– Қазіргідей әлемдік гео-саяси ахуал тұрақсыз кезде, елді бейбіт басқару - білгірлік.  Сайлауда қазақстандықтардың көбі белсенділік танытып, елде болып жатқан оқиғаларға бей-жай қарамайтындықтарын көрсетті. Бұл саяси науқан елдің дамуына, алға жылжуына мүмкіндік береді.