АҚШ сарапшысы Қазақстандағы биылғы сайлау ашық өткенін атап өтті

Қазақстан мақсатына жету үшін маңызды қадамдар жасап келеді. New Lines стратегия және саясат институтының аналитика жөніндегі директоры Камран Бохари осылай дейді, деп хабарлайды «Хабар 24».

АҚШ сарапшысы Қазақстандағы биылғы сайлау ашық өткенін атап өтті.  Ол саяси науқан барысында біраз сайлаушыны сөзге тартқан. Нәтижесінде, дауыс берушілердің көпшілігі сайлауда дауыс беру арқылы өздерінің азаматтық міндетін орындап жатқанын айтқан.

Камран Бохари, New lines стратегия және саясат институтының директоры:

- Азаматтардың белсенділігіне тәнті болдым. Қазақстан үшін жүргізіліп жатқан реформалардың маңызы зор. Бұл тұрғыда қазақ елі барлық мүмкіндікті пайдаланып, маңызды қадамдар жасалып келеді.