Халықтың таңдауы – Әділетті Қазақстан құру жолындағы алғашқы қадам – сарапшы

Президент сайлауындағы халықтың таңдауы – бұл Әділетті Қазақстан құру жолындағы алғашқы қадам, - дейді Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясының директоры Ақан Әбдуәлі, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ел азаматтары сайлауға ертеңгі болашаққа деген үлкен сеніммен барды. Халық, мемлекетті іштен басқармаса, сырттың ықпалында кететінін түсінді. Бір жұдырық болып бірігу керек екенін сезінді. Болашақта сайлаушылардың үміті ақталатына сенімдімін, - дейді өнер өкілі. 

Ақан Әбдуәлі, Жамбыл атындағы қазақ мемлекеттік филармониясының директоры:

- Әділетті Қазақстан құру жолындағы ең бірінші көріністердің бірі – сол жерде барлығына қарсымын дегеннің болуы. Бұл жерге де халық өзінің даусын қойды. Демек халықтың еркін таңдауына мүмкіндік берілді деген сөз. Сайлауалды бағдарламасы бұл ендігі 7 жылда орындалуы керек мәселелер. Бұл әрине орындалады деген үлкен үміттеміз, үлкен сенімдеміз. Себебі, кешегі дауыс берген халық, сенім артқан халық соны күтеді.