Халық сайлауға жауапкершілікпен қатысты – сарапшы

Сайлауға жастар өте белсенді қатысты. Этносаяси зерттеулер институтының директоры Талғат Қалиев осылай дейді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Саясаттанушының айтуынша, дауыс беруде жастар өте болсенділік танытқан.  Себебі бұл жолғы саяси науқан барысында әлеуметтік желіде сайлауға қатысқандарын мақтанышпен жариялаған жазбалар көп болған. Ал, басым дауыспен жеңіске жеткен Қасым-Жомарт Тоқаевқа халық үлкен жауапкершілік артып отыр,- дейді.

Талғат Қалиев, Этносаяси зерттеулер институтының директоры:

- 82 процент деген бір жағынан үлкен көрсеткіш, екінші жағынан үлкен жауапкершілік. Өйткені үлкен үміт, халық бірталай өзгеріс күтіп отыр. Қоғаммен әділетілліке көшейік десе, онда бәріміз өзімізден бастайық. Ол Президенттің шешетін мәселесі емес, бұл – әр қазақстандықтың мәселесі.