Ауылдарда 700 медицина нысаны пайда болады

Бұл жөнінде бүгін Үкімет отырысында Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният мәлімдеді. Оның сөзінше, қазір облыстық әкімдіктермен жер телімдерін беру жөнінде тиісті жұмыстар атқарылған.

Бұдан бөлек жергілікті атқарушы органдар тарапынан инженерлік желілерді тартуға да қаржы бөлінетін болады. Бұл ауқымды жобада телемедицина да қарастырылған. Сондықтан әкімдіктер сапалы интернетпен қамтуы тиіс екен.

Ажар Ғиният, ҚР Денсаулық сақтау министрі:

- Екі жыл ішінде ауылдық жерлерде 655 ғимарат жаңадан бой көтереді. 2024 жылға дейін 32 аудандық орталық аурухана жаңғыртудан өтеді. Бұл нысандарға 300-ге жуық медицна маманы қажет болады. Оның 54-і – дәрігер.