Тоқаевтың штабына шетелдік БАҚ өкілдері барды

Қасым-Жомарт Тоқаевтың штабына шетелдік 44 бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері барды.

Олар АҚШ, Канада, Ұлыбритания, Ресей, Түркия, Италия, Индия сияқты ірі-ірі 37 мемлекеттен келген. Журналистерге республикалық қоғамдық штабтың үгіт-насихат және талдау орталықтары, кандидаттың қоғамдық қабылдау, медиа-штаб пен жастар секторының  жұмысы таныстырылды. Штабта Ұжымдық Қауіпсіздік туралы Шарт Ұйымы, Ислам Ынтымақтастық ұйымы, ТМД Парламент аралық Ассамблеясы сияқты өзге де халықаралық ұйымдардан келген байқаушылар да болды. Сайлау науқаны кезінде Тоқаевтың жақтастары 42 қала, бес мыңнан астам елді мекенде аралады. 24 мыңнан астам үгіт-насихат шаралары ұйымдастырылып 3 миллиондай сайлаушы қамтылған. Айта кету керек, кездесу барысында азаматтардан 40 мыңнан астам ұсыныс пен тілек жинақталды.