Қазақстан дамудың жаңа кезеңіне аяқ басты

Елдің болашағы жолындағы маңызды саяси науқанда қазақстандықтар белсенділік танытты.

Ал Қазақстан - дамудың жаңа кезеңіне аяқ басты. Осылай деген жазушы, тарих ғылымдарының докторы Тұрсынхан Қайыркен сайлаудың әділ өткенін жеткізді. Оның айтуынша, ел тарихындағы айтулы саяси оқиғаға қатысқан әрбір азаматтың дауысы маңызды болды.Оған дауыс берушілердің аса жауапкершілікпен қарағандығы қуантады, дейді Тұрсынхан Зәкенұлы.

Тұрсынхан Қайыркен, тарих ғылымдарының докторы:

-Сайлауға мен осы елдің азаматы ретінде, азаматтық борышым ретінде жауапкершілікпен қарап, қатыстым. Қазақстан қазір бір үлкен бетбұрыс кезеңінде тұр десек болады. 30 жылдық тәуелсіздігіміздің бастапқы кезеңін қорытындылып, жаңа кезеңге қадам қойып отырмыз.

Паралимпиадашылар белсенділік танытты

Ел үшін маңызды саяси науқанда жүзуден параазиада ойындарының чемпионы Сиязбек Дәлиев те белсенділік танытты. Белгіленген сайлау учаскесіне барып, өз дауысын берген. Паралимпиадашының айтуынша, Қазақстанның ендігі міндеті жасампаздық жолында болашаққа нық әрі батыл қадам басу.

Сиязбек Дәлиев, паралимпиадашы:

- Осы сайлауды айтатын болсам, әділ және жоғары деңгейде өтті деп айта аламын. Мен және менің командамдағы спортшылар бәріміз сайлауға қатысып, белсенді болдық.