Алматы маңындағы елді мекендерді дамыту үшін сырттан қарыз алуға рұқсат беріледі

Алматы әкімдігіне қала маңындағы елді мекендердің мәселесін шешуге сырттан қарыз алуға рұқсат беріледі, деп хабарлайды «Хабар 24»

Бұл туралы Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров Мәжіліс қабырғасында айтты. Бірінші оқылымында қабылдаған «Агломерацияларды дамыту» туралы заң жобасы осындай мүмкіндік береді. Мұндай мүмкіндіктің тек Алматы қаласына ғана жасалатынын айта кету керек. Қаражат қала маңындағы агломерацияның аумағында инфрақұрылымды дамыту жобаларына жұмсалуы қажет. Алматы қаласының бюджеттік мүмкіндіктері белгіленген. Демек, аталған мақсатқа алынатын сыртқы қарыздың лимиті сол белгіленген бюджет мүмкіндіктерінен аспауы тиіс. Лимит осы негізде реттеледі», – деді министр. Сондай-ақ ол аталған мақсаттағы қарызды Алматы әкімдігі тек теңгемен ғана ала алтынын атап өтті. Айтуынша, әкімдікке ұлттық валютамен қарыз беруге ниетті халықаралық ұйымдар бар.