Қазақстан мақта шаруашылығын Өзбекстанмен бірлесіп өңдейді

Екі елдің вице-премьерлері мақта бойынша кооперациялық жобаларды Түркістан өңірінде жүзеге асыруға келісті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Себебі Түркістан өңірінің мүмкіндігі мол. Мұнда мақта өндіріледі, тәжірибелі мамандар да бар. Алдағы желтоқсан айында Өзбекстанда өтетін физнес форумда осы мәселе жан-жақты талқыланбақ.  Жиында шаруалар ауыл шаруашылығы, жүн-тері өңдеу, кәсіпкерлерге берілетін субсидияны тұрақтандыру және мақта шаруашылығын дамыту бойынша өзекті мәселелерді көтеріп, өз ұсыныстарын жеткізді. Одан кейін вице-премьер азаматтарды жеке қабылдап, сұрақтарына жауап берді.

Берік Қадыралиев, мақта өңдеу зауытының директоры: 

- Мақтаның 10%-і қайта өндіріледі. Қайта өңделген мақтамыз ешкімге керек емес. Былайша айтқанда бұйымда да, дайын өнімде де. Бұл мәселе неге туындап отыр? Себебі қаржылай қолдау ауыл шаруашылығы министрілігіне, ал жеңіл өнеркәсіпке ауысқанда, индустрия және даму министрлігіне қарайды. Екі министрліктің ортасында қалып қояды. Ол жақта ешкім жауап бермейді.

Серік Жұманғарин, ҚР премьер-министрінің орынбасары, Сауда және интеграция министрі:

- Екі-үш мәселе болды өзекті. Тері, мақта өңдеу. Жұма күні уәкілетті органдарды жинап, Астанада үлкен жиналыс өткіземіз. Кооперациялық жобаларды осы Түркістан өңірінде құрайық. Өзбекстан жағы келісті. Сол себепті ертең барғанда бизнес форумда осы мәселені талқылаймыз. Кооперациялық жобларды дамыту туралы меморандумға қол қоямыз.