Қоғамдық қор байқаушылары жұмысын қорытындылады

Қазақстандағы кезектен тыс Президент сайлауы заң аясында өтті. Бұл туралы HAQ /ХАҚ/ қоғамдық қоры атынан сайлау барысын қадағалаған байқаушылар журналистерге мәлімдеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Олар еліміздің 12 қаласында мониторинг жүргізген. 400 сайлау учаскесінде 600-ден астам байқаушы болған. Қоғамдық қор тек дауыс беру процесін ғана емес, ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілердегі барлық жаңалықтарды қарап отырған. Қор өкілдері бұл дауыс беру үдерісінің ашықтығын қамтамасыз етті дейді. Жалпы сайлау күні елде 12 мың сайлау учаскесі жұмыс істеп, оларда 30 мың байқаушы бақылау жүргізген.

Тоғжан Қожалы, тәуелсіз байқаушы:

- Біздің 632 бақылаушымыз бүкіл Қазақстанда, бүкіл үлкен қалаларда болды. Әсіресе біздің бақылаушыларымыз көп болды Қарағандыда 100 адам, Атырауда 100 адам, Ақтауда 56, Шымкентте 100 адам. Бақылаудың бір жаңа қадамы болғаны дегенді айта аламыз.