Мемлекеттік рәміздердің 30 жылдығы қорытындыланды

Ел нышандарын дәріптеп, насихаттау бағытында биыл 5 мыңнан астам түрлі іс-шара ұйымдастырылған.

Бұл туралы Ерлан Қаринның төрағалығымен өткен республикалық комиссияның отырысы кезінде белгілі болды. Жиын барысында өңір әкімдіктері рәміздерді қолдану және насихаттау тәжірибелерімен бөлісті. Сонымен қатар бірқатар ведомстволық наградалар мәселесі талқыланып, мемлекеттік кеңесші уәкілетті органдарға ұсынылған наградаларды оңтайландыруға қатысты бірқатар тапсырма берді.