Президент сайлауы: сарапшы пікірі

Президент сайлауы болашақта Қазақстанның саяси өміріндегі маңызды өзгерістердің драйверіне айналады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мұндай қорытындыны белгілі саясаттанушы Андрей Чеботарев жасады. Сарапшының пікірінше, мемлекет пен құзырлы органдардың қызметі президенттік сайлау бағдарламасында белгіленген саяси, экономикалық және әлеуметтік шараларды жүзеге асыруға бағытталатын болады. Сонымен бірге, мемлекеттік аппаратта ұйымдастырушылық және кадрлық өзгерістер болады деп күтілуде. Бұған Мемлекет басшысының дауыс беру күні жасаған, үкімет пен басқа да ведомстволардың құрамына жақын арада өзгерістер енгізу туралы мәлімдемесі дәлел.

Андрей Чеботарёв, саясаттанушы:

- Саяси реформалардың негізгі бөлігі конституцияға енгізілген өзгерістердің, республикалық референдум өткізудің арқасында жүзеге асты. Енді, экономика мен әлеуметтік саланы дамытудың маңызды шаралары қолға алынбақ. Мұның бәрі  геосаяси шиеленіс жағдайында жасалмақ. Бұдан бөлек қаңтар оқиғасының да салдарын естен шығармаған жөн.