Президент: Қызмет уақытша, ал халық мәңгі

Бүгін Қазақстан Президенті болып қайта сайланған Қасым-Жомарт Тоқаев  халық алдында ант берді.

Ұлықтау рәсімінен соң Мемлекет басшысы ресми қызметiне кiрiскен болып саналады. Ашығын айтқанда, қызмет уақытша, ал халық мәңгі. Мен президенттік миссиямды халқыммен бірге алдағы жеті жылда абыроймен атқарып шығамын деп сенемін деді Қасым-Жомарт Тоқаев. Қазір біз осы қиын-қыстау жолдың басында тұрмыз. Алдымызда атқаратын жұмыс көп. Әрбір азамат елдің болашағы үшін өз жауапкершілігін сезінуге тиіс екенін айтты Қасым-Жомарт Тоқаев. Алдағы 7 жылды бүгінгі буынның және келешек ұрпақтың алдындағы борышымды өтеуге берілген бірегей мүмкіндік деп білемін. Қазақта «аманат» деген асыл ұғым бар. Халқымның сенімі – маған аманат. Осы аманатқа адал болу мен үшін қасиетті парыз деді Мемлекет басшысы.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті