loader


Сенат депутаттарын сайлау 14 қаңтарға белгіленді

Ұлықтау рәсімінде Мемлекет басшысы басқа да маңызды мәселелер бойынша шешімдерді кейінірек жариялайтынын айтты.

Осы орайда Қасым-Жомарт Тоқаев бүкіл мемлекеттік аппараттан осы міндетті абыроймен орындауды талап ететінін, қоЛынан іс келетін және елге беріле қызмет жасайтын азаматтарға ғана орын бар екенін айтты. Қоғамда жаңа құндылықтар орнық-тырып, жақсы қасиеттерге ие бола алмасақ, реформаның бәрі бекер. Әділетті Қазақстанда еңбек адамына ерекше құрмет көрсетілуге тиіс. Әсіресе, ұстаз, дәрігер, тәртіп сақ-шысы, құтқарушы, жұмысшы, шаруа сияқты мамандардың мәртебесін одан әрі арттыра түсуіміз қажет деді Президент.

ЦИТАТА. "Мен бүгін көк туды сүйіп, дана халқымның алдында бас идім. Азаттық жолында құрбан болған бабалар рухына тағзым еттім. Елімнің арман-мұратына өмір-бақи адал болуға серт бердім. Ешқашан адалдықтан аттамауға және ел мүддесіне қиянат жасамауға ант еттім. Ата заңға қолымды қойып, оның әр сөзін мүлтіксіз орындаймын. Халқымның алдындағы осы антым алдағы қызметімде мен үшін айнымас темірқазық болады".

Сенат депутаттарын сайлау 14 қаңтарға тағайындалды 

Бірер сәт бұрын Президент Қазақстан Республикасының ауылдық аумақтарын дамытудың 2023-2027 жылдарға арналған тұжырымдамасы мен Президенттің «Әділетті Қазақстан: бәріміз және әрқайсымыз үшін. Қазір және әрдайым» сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі шаралар және «Заңсыз шығарылған активтерді мемлекетке қайтару жөніндегі шаралар туралы» Жарлықтарға қол қойды. Ал Парламент Сенатының депутаттарын сайлау 2023 жылғы 14 қаңтарға тағайындалды.

Сондай-ақ...