Грекияда Қазақстанмен дипломатиялық қарым-қатынастың 30 жылдығына монумент ашылды

Грекияда Қазақстанмен дипломатиялық қарым-қатынастың 30 жылдығына орай монумент ашылды.

Ол ел астанасы Афины маңындағы АхарнЕ қаласы әкімдігінің алдына орнатылған. Бұл елді мекеннің таңдалуы бекер емес. Өйткені мұнда Қазақстаннан қоныс аударған 30 мыңнан аса грек тұрады. Қоладан құйылған ескерткіш алма пішімінде. Себебі бұл жемістің отаны Қазақстан саналады. Сонымен қоса монумент Грекияда бейбітшілік пен өркендеу белгісі - зәйтүн ағашының бұтағымен безендірілген. Ашылу салтанатына қатысқан Қазақстан елшісі Ерлан Баударбек-Қожатаев ескерткіш екі ел арасындағы мәдени байланыстың үлгісі деді. Айта кетейік, биыл 9 айда Грекиямен арадағы тауар айналымы 1 миллиард 300 миллион долларға жуықтады.  

Ерлан Баударбек-Қожатаев, Қазақстан Республикасының Грекия Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі:

- Бүгін ашылған ескерткіш нағыз қоғамдық дипломатияның үлгісі деп ойлаймын. Аталған жоба биыл екі ел арасындағы ынтымақтастықтың оң динамикасың жалғастырады. Атап айтқанда, осы жылы үкіміт аралық комиссияның кезекті отырысы өткізілді, қазақ іскерлік кеңесі жұмысың бастады, мауысымдық тікелей әуе рейсі жүзеге асырылды. Жылдың соңына дейін тағы да басқа маңызды іс шаралар жоспарланып отыр.

Сондай-ақ...