loader


Энергетикалық нысандар мемлекетке қайтарылады

Екібастұз Жылу-энергетикалық орталығында 6 қазандық жұмыс істеп тұр. 129 көпқабатты және 114 жеке үй, сондай-ақ, 11 әлеуметтік нысанға жылу беру қалпына келтірілді, деп хабарлайды «Хабар 24».  

Бұл жайында ел Үкіметінің баспасөз қызметі хабарлады. Қазіргі уақытта Үкімет пен Бас прокуратура бірқатар проблемалы Жылу-энергетикалық орталықты мемлекет меншігіне қайтару бойынша алдын ала жұмысты бастады. Іс-шаралар осы жылдың наурыз айында құрылған Экономиканы демонополизациялау жөніндегі комиссия шеңберінде де жалғасады. Жалпы, бүгінге дейін телекоммуникация, теміржол инфрақұрылымы бойынша 10 ірі компанияның акциялары мемлекет меншігіне қайтарылған.

Сондай-ақ...