Елімізде Сенат депутаттарының сайлауы өтетін болады

Елімізде Сенат депутаттарының сайлауы қаңтардың 14-і күні өтетін болады. Бұл жөнінде бүгін Орталық сайлау комиссиясының отырысында айтылды, деп хабарлайды «Хабар 24».   

Ертеңнен, яғни қарашаның 29-ы сағат 18:00-ден бастап кандидаттарды ұсыну басталады. Бұл науқан желтоқсанның 14-не дейін жалғасады. Кейін Орталық сайлау комиссиясы кандидаттарды тіркеп, үгіт-насихат науқанын бастауға рұқсат береді.

Айта кету керек, елде Сенаторларды мәслихат депутаттары сайлайтын болады. Парламенттің жоғарғы палатасына әр өңір мен республикалық маңызы бар қалалардан 2 адамнан өтеді. Тағы 10 Сенаторды Президент тағайындайды. Оның 5 Қазақстан халқы Ассамблеясының ұсынысы бойынша депутаттық мандат алады.

Константин Петров, Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары:

- Конституцияға сәйкес Парламент депутаты тек Қазақстан азаматы ғана бола алады. Ол соңғы 10 жылда ел аумағында тұруы тиіс. Ал Сенат депутаты болса жасы 30-ға толған, жоғары білімі бар және 5 жылдық еңбек өтілі бар азамат атана алады. Ол белгілі бір облыстың, республикалық маңызы бар қаланың немесе Астананың аумағында кемінде 3 жылдай тұрған болуы керек.

Сондай-ақ...