loader

Жаңа қоғамдық кеңес құрылды

Жаңа қоғамдық кеңес құрылды

Енді ғылым мен жоғары білім саласына қатысты шешім қабылданбас бұрын жіті талқылаудан өтеді.

Ол үшін министрлік жанынан Ғылым, жоғары білім және тіл саясаты мәселелері жөніндегі жаңа қоғамдық кеңес құрылды. Оның құрамында Парламент депутаттары, мемлекет және қоғам қайраткерлері, ғалымдар, азаматтық қоғам және БАҚ өкілдері бар. Кеңес 17 мүшеден тұрады. Бүгін алғашқы отырыс өтіп, оның төрағасы болып қоғам қайраткері Серік Ырсалиев сайланды. 

Мақпал Тәжмағамбетова, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

- Бұл – үлкен жауапкершілік. Жалпы ғылым бойынша болсын, жоғары білім болсын, тіл саясаты болсын қоғамда өзекті көтерілген мәселелердің дер кезінде шешімін табу жөнінде бұл  кеңес жақсы жұмыс жасайды деп ойлаймын. Өйткені бұл қоғам үшін де,  мемлекет үшін де өте тиімді.  Бұл  кеңес – жақсы  жұмыс.

Сондай-ақ...