Ресми сапар аясында Мемлекет басшысы Ресей Федерациясы Үкіметінің төрағасы Михайл Мишустинмен кездесті

Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеуге жасаған сапарының нәтижесіне көңілі толатынын айтты.

Сондай-ақ жыл басынан бері қол жеткізген көрсеткіштер келер жылға дейін өсетініне сенім білдірді. Белсенді әрі табысты жұмысы үшін Михаил Мишустинге алғыс айтты. Өз кезегінде Ресей үкіметінің басшысы екі елдің президенттері уағдаласқан жобаларды жүзеге асыруға дайын екенін жеткізді.