Үкіметте экономиканы демонополизациялау жөніндегі комиссияның отырысы өтті

Премьер-министр Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен жиында теміржол жүк тасымалы нарығындағы жағдай мен өңірлік ірі электр станциясының жұмысы қаралды.

Сонымен қатар Үкімет басшысы уәкілетті мемлекеттік органдарға пайдалы қазбаларды геологиялық барлауға лицензия берудің заңдылығын тексеруді тапсырды.