«AMANAT» партиясы Екібастұз қаласына гуманитарлық көмек жіберді

Партия мүшелері жылусыз қалған тұрғындарға арнап мыңнан астам электр жылытқыш жөнелтті.

Сонымен қатар көрпе, термос сияқты қажетті заттар да бар. Жүк тиелген көлік жолға шығып кетті. Апат болған шаһарда еріктілер штабы ашылған. Белсенділер мен мобильді бригадалар үй-үйді аралап жалғыз тұрып жатқан зейнеткерлер, мүгедектер, мұқтаж отбасылар туралы ақпарат жинауда. Сондай-ақ, жастар жұмысшыларға ыстық тамақ ұйымдастырып қолқабыс етіп жүр. Депутаттар да жұртпен бірге.

Берік Жәкенов, «AMANAT» партиясы астана қалалық филиалының атқарушы хатшысы:
- Екібастұзда орын алған төтенше жағдай барша қазақстандықтарды алаңдатып отыр. Зардам шеккен тұрғындарға Аманат партиясы тарапынан гуманитарлық көмек көрсетілетін болады. Қазіргі уақытта ең қажет болып жатқан ол жылытқыш құралдар жиналды. Жылы пледтер жиналды.