Қ. Тоқаев Тьерри де Монбриальмен кездесті

Ресми сапар аясында Президент Француз халықаралық қатынастар институтының негізін қалаушы Тьерри де Монбриальмен кездесті, деп хабарлайды «Хабар 24».   

Қасым-Жомарт Тоқаев Еуропаның ең ықпалды сараптама орталықтарының бірі саналатын институттың беделі туралы хабардар екенін айтты. Ал Тьерри де Монбриальді белгілі саясаттанушы ғалым ретінде білетінін атап өтті. Әңгімелесу барысында тараптар өзекті геосаяси мәселелер мен әлемдегі процестердің дамуы жөнінде пікір алмасты.