ҚР Президентінің Парижге сапары екі елдің дамуына серпін береді

Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан Президенті лауазымында Парижге тұңғыш сапары жергілікті сарапшылардың үлкен қызығушылығын туғызған, деп хабарлайды «Хабар 24».     

2008-жылдан бері стратегиялық серіктестік орнатқан Франция мен Қазақстанмен экономикалық байланысы тығыз дейді олар. Ал Тоқаев пен Макронның кездесуі екіжақты әріптестікті одан әрі  кеңейте түспек.

Микаэль Левистон, Франция халықаралық қатынастар институтының зерттеушісі:

Бұл көпвекторлы екі елдің байланысына серпін беретін кездесуі. Қазақстан аймақта дипломатиялық елші қызметін керемет атқарып келеді. Тарихта бұған мысал жеткілікті. Мәселен 2015-2016 жылдары Ресей мен Түркия қарым-қатынасының ушығуы және Сирия дағдарысын реттеуге арналған Астана процессін атауға болады. Қазақстан өз алаңын ұсынып, бейбітшілікке жету мақсатында арағайындық танытып келеді.