Екібастұзда жедел штабтың отырысы өтті

Екібастұзда жедел шатбатың отырысы өтті

Қазіргі уақытта Екібастұзда Премьер-Министрдің орынбасары, Сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин, төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин, Павлодар облысының әкімі Әбілқайыр Сқақов, энергетика вице-министрі Жандос Нұрмағанбетов, «ОАЭК» АҚ акционерлері, «Екібастұзжылуэнерго» ЖШС құрылтайшыларының қатысуымен жедел штабтың отырысы өтіп жатыр. Бұл туралы primeminister.kz хабарлады.

2022 жылғы 29 қарашадағы 23.55-тегі жағдай бойынша Екібастұзда 17 көп пәтерлі тұрғын үй, 3 әлеуметтік нысан және 1 әкімшілік ғимарат жылу жүйесіне қосылмаған күйінде қалып отыр. Оларға соңғы учаскедегі апат жойылғаннан кейін жылу қайта берілетін болады. Қалған үйлер мен нысандарға жылу төмен температурмен берілген. Тасымалдағыштың жылу беру температурасы – 820С (норма 870С), кері қайтару – 540С (норма 560С), пәтерлерде – 18-200С, сыртқы ауа температурасы – 230С. 

Жеткізу желілері қатып қалған 59 көп пәтерлі тұрғын үйдің 22-сінде қалпына келтіру жұмыстары аяқталды, тағы 37 нысан қалып отыр. 34 кезекші бригада жұмыс істеп жатыр.

Қалада азаматтарды қабылдау және жылыту үшін 14 арнайы пункт жасақталған.