Мемлекет басшысы Франция Сенатының төрағасымен кездесті

Ресми сапар аясында Мемлекет басшысы Франция Сенатының төрағасымен кездесті.

Қасым-Жомарт Тоқаевты Сенат ғимаратының ауласында Жерар Ларше қарсы алды.

Кездесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев Парижге жасаған ресми сапары екі ел арасындағы көп жақты ынтымақтастыққа тың серпін беретінін атап өтті. Сосын парламентаралық байланысты нығайту керек деді. Осыған байланысты Қасым-Жомарт Тоқаев Сенат спикерін Қазақстанға сапармен келуге шақырды. Өз кезегінде Жерар Ларше елімізде жүргізіліп жатқан саяси және экономикалық реформаларды жоғары бағалады. Қазақстан мен Франция арасындағы ынтымақтастықты дамыту үшін өзара белсенді әрекет жасауға дайын екенін жеткізді. Кездесу соңында Президент Франция Сенатының Құрметті қонақтар кітабына қолтаңбасын қалдырды.