loader


СҚО-да жаңа әкім тағайындалды

Сондай-ақ Солтүстік Қазақстан облысында жаңа әкім! Бұл қызметке аймақты алты жылға жуық басқарған Құмар Ақсақаловтың орнына Айдарбек Сапаров тағайындалды, деп хабарлайды «Хабар 24».   

Ол бұған дейін ауыл шаруашылығы министрінің бірінші орынбасары болып қызмет еткен. Премьер-Министр Әлихан Смайыловтың қатысуымен өткен жиында жергілікті депутаттардың көбі оның кандидатурасына дауыс берді. Айдарбек Сейпілұлы – осы облыстың тумасы. Әр жылдары Шал ақын, Мағжан Жұмабаев аудандарына жетекшілік етіп, облыс әкімінің бірінші орынбасары болды. 

Айдарбек Сапаров, СҚО-ның әкімі:

- Жаңағы айтқан бағдарлама, ол қысқаша ғана бағдарлама. Бірақ та сіздермен бірге қызмет жасап, халықтың көңілінен шығып, осы облысты үлкен белеске шығаруға бірге жұмыс жасаймыз.

Сондай-ақ...