loader


Елдегі жылу желілерінің үштен бірін толық ауыстыру қажет – Сенаторлар

Бұл шамамен 3,5 мың шақырым құбыр. Сенаторлар мәселені талай көтергенін, алайда Үкіметтің ұсыныстарды дер кезінде қаперге алмағанын айтып шағымданды.

Тиісті техникалық аудит жүргізілген жоқ. Салдарынан жылу маусымына дайындық ақсады. Депутаттар энергетикалық қауіпсіздік ұлттық қауіпсіздікпен тең деңгейде деген пікірде. Сол себепті саланы реформалау бойынша заң жобасын әзірлеуді ұсынды.

Алтынбек Нухұлы, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:

- 2019 жылмен салыстырғанда ЖЭО техниканың орташа тозуы биылғы жылдың бірінші қаңтарында 62%-тен 66%-ке дейін өсті. Тіпті кейбір қалаларда бұл көрсеткіш 80%-тен асады. ЖЭО техникалық жағдайы жыл сайын қиындай беретіні сөзсіз. Қазақстандағы стансалардың 76%-тің салынғанына жарты ғасырдан асқан. Осындай келеңсіз жағдай 2020 жылмен салыстырғанда 2021 жылы апаттық тоқтаулар саны 22%-ке, ал олардың істен шығу ұзақтығы 16%-ке өсті. Мұндай апаттардың саны жыл сайын арта түседі деген қауіп бар. 

Сондай-ақ...