Қапшағай су қоймасы экологиялық апатқа ұшырауы мүмкін – Сенаторлар

Оған кәріз суынан тазарту қондырғыларының тым ескіруі себеп. Мәселе Сенат депутаттарын алаңдатып қойды. Олар жарты ғасырлық қондырғыларды жедел жөндеу керек дейді. Бұл үшін қыруар қаржы бөлінуі тиіс.

Жанболат Жөргенбаев, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:

- Қонаев қаласының кәріз тазарту құрылыстары 1968 жылы пайдалануға берілді. Бұл ретте ғимараттар мен құрылыстар 100%-ке тозған. Су қоймасы Балқаш көліне дейін ластанған жағдайда ауқымды экологиялық апат орын алуы мүмкін. Сондықтан қазір Қонаев аумағында жергілікті ауқымдағы техногендік сипаттағы ТЖ жарияланды. Тез арада қаланың кәріз тазарту құрылыстарын реконструкциялауға қаражат бөлуді қажет етеді.