loader

Қ. Тоқаев К. Францты қабылдады

Қ. Тоқаев К. Францты қабылдады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев швейцариялық Рош Холдинг Roche Holding AG фармацевтикалық  концернінің басқарма төрағасы Кристоф Францты қабылдады.

Ол  Президентке елде қатерлі ісікке қарсы инновациялық дәрі өндірісін ашу жобасын жүзеге асыру барысын баяндады. Бұл келісімге бүгін Қазақстанның Денсаулық сақтау министрлігі мен швейцариялық компания қол қойды.

Осы компания Назарбаев Университеті Медицина мектебінің базасында жергілікті мамандардың біліктілігін арттыруға арналған зертханалық диагностикалық тренинг орталығын ашуды да жоспарлап отыр.

Сондай-ақ...