Мемлекет басшысының Жарлығымен Атырау облысының әкімі лауазымына Серік Шәпкенов қайта тағайындалды

Мемлекет басшысының Жарлығымен Атырау облысының әкімі лауазымына Серік Шәпкенов қайта тағайындалдыӘкімді өңір активіне мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин таныстырды. Серік Жамбылұлы 2022 жылдың 7 сәуірінде облыс басшысы қызметіне кіріскен еді.

Оған дейін Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі болды. Серік Шәпкенов 2016-2018 жылдары Атырау қаласының әкімі, кейін облыс әкімінің бірінші орынбасары болған. Сондықтан Атырау өңіріне жақсы таныс, - деді Ерлан Қарин.