loader


Батыс Қазақстан облысына жаңа әкім тағайындалды

Батыс Қазақстан облысында жаңа әкім.

Өңірді енді Нариман Төреғалиев басқарады. Жаңа әкімді Президент Әкімшілігінің Басшысы таныстырды. Орал қаласына жұмыс сапарымен барған Мұрат Нұртілеу облыстың барлық деңгейдегі мәслихаттарының жиынына қатысты. Осы жерде облыс әкімі лауазымына Бауыржан Айтмағамбетов пен Нариман Төреғалиевтің кандидатураларын ұсыну туралы Мемлекет басшысының хаты оқылды. Ашық дауыс беру нәтижесінде мәслихаттардың 37 депутаты Бауыржан Айтмағамбетовке, 123 депутат Нариман Төреғалиевке дауыс берді. Сөйтіп Мемлекет басшысының Жарлығымен Нариман Төреғалиев Батыс Қазақстан облысының әкімі болып тағайындалды. Президент Әкімшілігінің Басшысы Нариман Төреғалиевтің жауапты қызметтерде мол тәжірибе жинаған маман екенін атап өтті. Облыс әкімінің алдына өңір экономикасын дамыту, тозығы жеткен инженерлік желілерді жаңарту, көлік жолдарын қалпына келтіру, экология проблемаларын шешу міндеттері тұр. Соңында Мұрат Нұртілеу осыған дейін өңірді басқарған Ғали Есқалиевтің атқарған қызметіне Мемлекет басшысының алғысын жеткізді.

Сондай-ақ...