Нұрлан Ноғаев Маңғыстау облысының әкімі болып тағайындалды

Мемлекет басшысының жарлығымен Нұрлан Ноғаев Маңғыстау облысының әкімі болып тағайындалды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бүгін Президент әкімшілігінің басшысы Мұрат Нұртілеу Ақтауға барып, барлық деңгейдегі мәслихаттардың жиынына қатысты. Онда Маңғыстау облысының әкімі лауазымына Дәулетжан Хасанов пен Нұрлан Ноғаевтың кандидатурасын ұсынған Президенттің хатын оқыды. Ашық дауыс беру кезінде 23 депутат Дәулетжан Хасановқа, ал 93-і Нұрлан Ноғаевқа дауыс берді. Жиында Президент Әкімшілігінің Басшысы биылғы маңызды саяси оң өзгерістерге атсалысқан облыс азаматтарына Мемлекет басшысының алғысын да жеткізді.