Е. Маржықпаев Ақмола облысының әкімі болып қайта тағайындалды

Ал Ермек Маржықпаев Ақмола облысының әкімі болып қайта тағайындалды, деп хабарлайды «Хабар 24».  

Облыс активіне өңір әкімін Президент Әкімшілігі Басшысының орынбасары Мәлік Мырзалин таныстырды. Ол Ермек Маржықпаев өңірді 2019 жылдың наурыз айынан бастап басқарғанын, оған дейін Көкшетау қаласының әкімі, облыс әкімінің орынбасары болғанын, сондықтан үлкен жұмыс тәжірибесі бар екенін және халыққа жақсы таныс екенін атап өтті. Сондай-ақ, әкімшілік басшысының орынбасары облысты дамытудың басым бағыттарын белгілеп, жаңадан тағайындалған әкімнің алдына бірқатар міндеттер тұрғанын жеткізді.