Парламент – халықтың үніне айналуға тиіс

Парламент қоғам үшін ашықтықты қамтамасыз етуі керек, деп хабарлайды «Хабар 24».   

Бұл Президенттің «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы іспетті. Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Данияр Қадыров осылай дейді. «Қазақстан Республикасы Парламентінің қоғам үшін институционалдық ашықтығы» халықаралық конференциясына қазақстандық және шетелдік парламент өкілдері, депутаттар және сарапшылар қатысты. Олар  қазір Парламент сессияларының тікелей эфир арқылы жүргізілетіні қуантатынын жеткізді. Сарапшылардың айтуынша, бұл - ашықтықтың айқын белгісі.

Наталья Никитенко, Қырғызстанның мемлекет және саяси қайраткері:

- Парламенттік ашықтықтың принциптерін айталық. Мәселен, Парламент – мемлекеттің көп функцияларына жауап беретінін ескерсек, онда ол – расыменде халықтың үніне айналуы тиіс. Саяси векторды атап өтпеуге болмайды. Бірақ, мықты, әрі ашықтыққа ұмтылған Парламенттің жинақтаған тәжірибесі – халық үшін қашан да маңызды болмақ.

Сондай-ақ...