ЕҚЫҰ Сыртқы істер министрлері кеңесінің мәжілісі өтті

Қазақстан Орталық Азия мен Еуропа арасында, оның ішінде, Германиямен тығыз байланыс орнатуға мүдделі. Әрі тараптарды өңірдің  Мемлекетаралық су-энергетикалық консорциумын құру бастамасына қосылуға шақырады.

Бұл жайында Премьер-Министрдің орынбасары, Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді  «Орталық Азия және Германия Федеративтік Республикасы» Министрлік кездесуінде айтты. Кездесу Польшаның Лодзь қаласында  Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы 

Сыртқы істер министрлері кеңесінің 29-отырысы аясында ұйымдастырылды. Жиында Орталық Азиядағы ынтымақтастық, Ауғанстандағы қауіпсіздік пен климаттың өзгеруінің аймақ экономикасына әсері секілді мәселелер талқыланды. Сонымен қатар баламалы бағыттарды жетілдіру  барысы да әңгімеге арқау болды. Тараптар Транскаспий халықаралық көлік дәлізін дамытуға мүдделі екенін растады.

Сапар кезінде Мұхтар Тілеуберді  бірқатар екіжақты кездесу өткізді.

Урмас Рейнсалу, Эстония Сыртқы істер министрі:                                                                        

- Біздің Қазақстанмен достық қарым-қатынастамыз берік. Біраз салада, оның ішінде логистикада тығыз ынтымақтастық орнаттық. Қазіргі таңда көптеген компания Ресейден Қазақстанға көшіп жатыр. Олардың арасында еуропалық мекемелердің де бар екенін атап өткім келеді.