Қ.Тоқаев Грекияның сыртқы істер министрін қабылдады

Қазақстан Орталық Азиядағы тұрақтылыққа кепіл болатын беделді мемлекет.

Грекияның сыртқы істер министрі Никос Ден-диас осындай пікір айтты. Астанаға ресми сапармен келген министрді Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ақордада қабылдап, екі елдің сауда-экономикалық байланыстарын нығайту және ынтымақтастықты дамыту перспективаларын талқылады. Президент  Грекияның Еуропалық Одаққа мүше мемлекеттер арасында Қазақстан үшін маңызды серіктес елдердің бірі екенін атап өтті. Ынтымақтастық көрсеткіштерін жаңа деңгейге көтеруге бейілді екенін жеткізді. Өз кезегінде министрГрекияның Қазақстанмен ықпалдастықты одан әрі нығайтуға дайын екенін жеткізді. Әңгімелесу барысында халықаралық және өңірлік күн тәртібіндегі өзекті мәселелер талқыланды.