Қазақстан мен АҚШ: Джексон-Вэник түзетулері кедергі келтіре ме?

Джексон-Вэник түзетулері Қазақстан мен АҚШ арасында сауда-экономикалық қатынастарға кедергі келтіре алмайды. Бұл туралы АҚШ-тың Қазақстандағы бұрынғы елшісі Ричард Хоугланд тілшімізге берген сұхбатында айтты,  деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұған дейін 1974 жылы Кеңес Үкіметіне сауда-саттықты шектеу үшін салынған Джексон-Вэник түзетулері әлі күнге дейін жойылмай, қазақстандық кәсіпкерлерге кедергі келтіретіні жөнінде материал берген едік.

Америкалық дипломаттың сөзінше бұл түзетулер халықтың көңілін күпті ететіні түсінікті. Бірақ оның әсері соншалықты қатты емес деп есептейді. Дегенмен, бір кездері өзі де оны алып тастау жөнінде АҚШ билігіне ұсыныс жасаған.

Ричард Хогланд, АҚШ-тың Қазақстандағы бұрынғы елшісі:

- Мен Елші қызметінде жүргенімде біздің Үкіметке Қазақстанға қатысты түзетулерді тоқтатуды ұсынған едім. Әрине ол кезде бұл ұсынысым оны қалай жүзеге асырамыз деген бастамаға түрткі болды. Бұл түзетулер ешқандай қиындық тудырмайды, дегенмен ол біраз адамның көңілін күпті етеді. Сондықтан оны жою керек. Дегенмен оның шектеулері шамалы, біздің қарым-қатынасымызға әсер ететіндей үлкен проблема емес.

 

Сондай-ақ...