Қ. Тоқаев пен С. Жапаров телефон арқылы сөйлесті

Қасым-Жомарт Тоқаев қырғыз басшысы Садыр Жапаровты туған күнімен құттықтап, оған бақ-береке және жауапты мемлекеттік қызметте табыс тіледі, деп хабарлайды «Хабар 24».

Телефон арқылы сөйлескен президенттер сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық салалардағы қарым-қатынасты талқылады. Мемлекет басшысы бауырлас Қырғызстанмен достық, тату көр-шілік және стратегиялық серіктестік рухындағы ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ниетті екенін жеткізді.