«AMANAT» партиясы «Жас саясаткер мектебі» бағдарламасымен оқытуды аяқтады

«AMANAT» партиясы «Жас саясаткер мектебі» бағдарламасы бойынша бір апталық оқыту жобасын аяқтады.

Алғашқы лекке еліміздің барлық өңірінен 50 адам қатысты. Оқытудың соңғы күнінде партияның атқарушы хатшысы Асхат Оралов қатысушылармен кездесті. Ол биыл Саяси менеджмент академиясы мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес кадрларды даярлау ісінде жаңа тәсілдерді енгізгенін хабарлады. Бұдан былай оқытулар тек онлайн режимде ғана емес, сонымен қатар офлайн форматта да өтетін болады. Бір апталық курста қатысушылар халық алдында сөз сөйлеу, саяси коммуникация, жобаларды басқару және көшбасшылық бойынша тренингтерден өткен.

Асхат Оралов, «AMANAT»  партиясының атқарушы хатшысы:

- Осы 7 жылда жастар саясатының тұжырымдамасы түбегейлі өзгереді. Жалпы қазіргі принциптердің бірі - ол жастар үшін емес, жастармен бірге әділетті Қазақстанды құрамыз деген ниет деп түсінуге болады. Соның қатарында жастар мекемесі біздің академия болсын, жалпы Аманат партиясының тарапынан жастарға, әсіресе, тек қана 1-2 адамға ғана емес, осы аймақ-аймақтарға көңіл аударып, қолдауға әрдайым тырысамыз.