Қазақстан мен АҚШ арасындағы стратегиялық әріптестік жөніндегі кеңейтілген отырыс өтті

Вашингтонда Қазақстан мен АҚШ арасындағы стратегиялық әріптестік жөніндегі кеңейтілген отырыс өтті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оған еліміздің Сыртқы істер министрі Қайрат Омаров пен АҚШ Мемлекеттік хатшысының Оңтүстік және Орталық Азия істері бойынша көмекшісі Дональд Лу қатысты. Жиын соңында қос тараптың бірлескен мәлімдемесі жарияланды. Онда Қазақстан мен Америка Құрама Штаттары 30 жылан астам дипломатиялық берік байланыс орнатып, одан әрі аймақтық геосаяси мәселелерді, қауіпсіздік саласындағы басқа да мәселелердің маңыздылығын талқылады. Қазақстан тарапы екі елдің арасындағы тұрақты сауда қатынастарын дамыту керегін айтты. Ал Мемлекеттік хатшының көмекшісі Дональд Лу АҚШ-тың Қазақстан тәуелсіздігі мен аумақтық тұтастығы мен егемендігін әрқашан қолдайтынын жеткізді. Сонымен қатар энергетика, инфрақұрылымды әртараптандыру, климаттың өзгерумен күрес, адам құқығы сияқты маңзды сұрақтарды талқылады.