А. Байханов Павлодар облысының әкімі болды

Мемлекет басшысының Жарлығымен Байханов Асайын Қуандықұлы Павлодар облысының әкімі лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Асайын Қуандықұлы Павлодар облысы Баянауыл ауданында дүниеге келген. 2020 жылғы наурыздан бастап Павлодар облысы әкімінің орынбасары лауазымында еңбек етті. 2021 жылы Павлодар қаласының әкімі болды. Енді осы облыстың басшысылығына келді.