Сенаторлар «Өзіндік ерекшелігі бар тауарлар туралы» заң жобасын Мәжіліске қайтарды

Сенаторлар «Өзіндік ерекшелігі бар тауарлар туралы» заңның жобасын Мәжіліске қайтарды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Депутаттар ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағыталған құжатқа бірнеше толықтыру енгізуді жөн көрді. Баяндама жасаған Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаевтың хабарлауынша, заң жобасы әскери тауарларды экспорттау кезіндегі тәуекелдерді бағалауға мүмкіндік береді. Мұндай дүниелерді шекара арқылы өткізу кезіндегі бақылау да күшейтілетін болады. Егер құжат қабылданса, отандық мамандар көрші мемлекеттердегі әріптестерімен тығыз жұмыс жүргізіп, қажетті ақпаратпен алмаса алады. Сондай-ақ заң жобасында өзіндік ерекшелігі бар тауарларды лицензиялап, экспорттау туралы мәліметтерді жинақтау туралы нормалар қарастырылған.