Астанада Қоғамдық палатаның алғашқы отырысы өтті

Енді депутаттар қараған заң жобалары азаматтардың өтініштерін ескере отырып, тәуелсіз әрі кәсіби қоғамдық сараптамадан өтеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мұны Мәжіліс жанынан құрылған Қоғамдық палата қарайды. Палатаның алғашқы отырысына Ерлан Қошанов қатысты. Мәжіліс Төрағасының айтуынша бұл жұртшылықпен тікелей диалог құрып, ең көп талқыланып жатқан мәселелер бойынша депутаттардың халықпен байланыс орнатуына мүмкіндік береді. Палатаның күн тәртібі азаматтардың ең өзекті мәселелерін ескере отырып қалыптасуы керек екеніне баса мән берілді.

Айта кету керек, оның құрамына Мәжіліс депутаттары, саяси партиялар, ҮЕҰ өкілдері мен сарапшылардан 37 мүше кіреді. Бұл құрам әрбір 6 ай сайын ротациялау арқылы жаңартылып отырады.

Ерлан Қошанов - ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы:

- Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев қоғамдық пікір талас әлеуметтік желілерде,  көшелерде, алаңдарда емес Парламенттің қабырғасында болу керек екенін айтқан болатын. Шын мәнінде бізде қалыптасқан жағдай билік пен қоғам арасындағы жаңа саяси мәдениеттің керек екенін қазір көрсетіп отыр. Сондықтан біз қоғамдық палата құру жөнінде осындай шешім қабылдадық. Қоғамдық палата негізгі заңнамалық бастамаларды тәуелсіз кәсіби тұрғыдан сараптама жасайтын іргелі орталыққа айналуға тиіс.

Сондай-ақ...