loader


Астананың әкіміне міндет жүктелді

Астананың әкіміне алғашқы тапсырма жүктелді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жеңіс Қасымбек шаһардағы аузсу мәселесін шешуге тиіс. Өйткені жұрттың дені тіршілік нәрін үйге келіп тұрған құбырдан емес, дүкеннен сатып алып ішеді. Сарқынды және кәріз суларына қатысты мәселе де өткір тұр. Көгілдір отын жетіп тұрғанмен оны тиімді пайдалану және жылудан таршылық көрмеу үшін атқаратын жауапты міндеттер тұр. Мұның сыртында шағын және орта бизнеске жол ашуға тиіс.  Елорданың жаңа әкімін таныстырған Үкімет басшысы Бас қаланың басшысына бірден осындай маңызды тапсырмалар берді. 

Әлихан Смайылов, ҚР Премьер-Министрі:

- Елорданың одан әрі дамуы және халық санының артуы ауыз судың жаңа көзін табуды талап етеді. Астана су қоймасында суды пайдалану мен сапасына қатысты мәселелер бар. Пайда болған сарқынды суды тазарту үшін кәрізді тазарту құрылысының жаңа кешенін салуды бастау қажет. Алдағы уақытта бірқатар қосалқы электр станциялардың құрылысын бастау маңызды. Жылу мәселесі тапшылығын шешу үшін қыс мерзімінде үшінші жылу электр орталығын және үш газ жылу станцияларын қосу қажет.

Сондай-ақ...