Алтай Көлгінов жаңа лауазымға ие болды

Кеше ғана елорда әкімінің қызметінен босатылған Алтай Көлгінов жаңа лауазымға ие болды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бүгін Мемлекет басшысының жарлығымен ол Премьер-Министрдің орынбасары қызметіне тағайындалды. Тиісті құжат ақорданың ресми сайтында жарияланды.

Айта кету керек, Алтай Көлгінов осыған дейін Астана қаласын 2019 жылдан бері басқарып келген.