Мемлекет басшысы Қасым Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Бішкек қаласына барды

Онда Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысына қатысады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жиын барысында одақ ішіндегі кедергілерді азайтып, өзара интеграцияны арттыру жолдары талқыланады. Сондай-ақ бестіктің үшінші елдермен еркін сауда аймағын құрып, нарықты кеңейту бағыты айқандалады.

Дәл қазір одаққа мүше бес мемлекеттің басшылары түгел келді. Биыл төраға ретінде Қырғызстан президенті Садыр Жапаров әріптестерін Ала арча резиденциясында қарсы алып, дәстүрге бойынша бірлескен фото жасады. Сосын мемлекет басшылары шағын құрамдағы жиынға кірді. Қазір өтіп жатыр.  Бүгін күн тәртібіне 17 мәселе шығарылған. Олардың ішінде көлік логистика, кеден салығы, одақтың еркін саума аймағын кеңейту мәселелері қаралады. Соның ішінде біріккен араб әмірліктерімен келісімдер басталмақ. Сондай-ақ жиында осы жыл қорытындыланып, болашаққа бағыт бағдар айқындалады. Айта кету керек, Биыл Жоғары экономикалық кеңестің отырысы үш жылдан бері алғаш рет онлайн форматта өтіп отыр. Сарапшылар қазіргі геосаяси жағдайға байланысты маңызды шешімдер қабылданады деген болжамдар айтуда. 

Мұрат Бейшенов, Қырғыз-Ресей Славян университетінің профессоры:

- Күн тәртібінде 20 шақты мәселе талқыланды. Экнонмика, ақпарат алмасу, логистика, экология. Барлығы өзекті. Одақтасымыз Ресей қазір қиын жағдайда. Десе де әлі ықпалы зор. Ол барлық ұйыммен қарым қатынасын сақтап, жаңа ережелерге бейімделуге тырысып жатыр. Қолынан келетін сияқты. Біріккен Араб Әмірліктері, Индонезияны, Египет сынды елдермен ынтымақтастық орнап, Өзбекстан, Тәжікстан Әзірбайжан секілді бақылаушы елдердің қызығушылық танытуы – ЕЭО қандай қиындықтарға қарамастан беделі артып келе жатқанын көрсетеді.

Айта кету керек, Еуразиялық экономикалық одақтың құрылғанына биыл сегіз жыл. 2022 жылы бестіктің бірлестігіне Қырғызстан төрғалық етті.