loader


Мемлекеттік қызметке орналасу процесі жеңілдейді

Бұл туралы жауапты ведомство басшысы Дархан Жазықбаев мәлімдеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оның айтуынша, жақында Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Эйчар институына айналады. Ол азаматтар жұмысқа тұрғанда немесе тест тапсырғанда түрлі бюрократиялық кедергілерді жоюмен айналысады. Агенттік арнайы Е-қызмет платформасын әзірлеп, келер жылдан бастап оны пилоттық негізде енгізбек. Сондай-ақ мемлекеттік қызметке жаңа іріктеу алгоритмі әзірленіп, конкурстарды өткізу форматы қайта қаралды. Ал іріктеуден өтіп, жұмысқа кіріскен қызметкерлерге екі жылда бір рет арнайы орталық мамандары өз бағасын беріп отырады. Агенттік өкілдері HR форумы аясында шетелдік сарапшылармен бас қосып, осы саладағы персоналды стратегиялық басқаруға көшу мәселелерін талқыға салды.

Дархан Жазықбаев, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы:

- Е-қызметті біз 1 кезеңі модернизациядан өткіздік. Жаңа жылдан бастап Е-қызметке барлық конкурсқа, яғни іріктеу өткізу, жұмыстан шығу, барлығын автоматтандырдық. Келесі жылдан бастап оны пайдалануға береміз. Пилоттық бағдарламаны жүргіземіз. Оған бірнеше мемлекеттік және жергілікті органдар қатысады. Алдағы уақытта біз бұл мәселелерді толыққанды автоматтандырамыз.

Сондай-ақ...