Салық заңнамасына өзгерістер енгізілді

Үкімет басшысы бұл бағыттағы өзгешеліктерге тоқталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Сонымен пайдалы қазбалар өндірісіне салық ұлғайтылды, дивидендтер бойынша жеңілдіктер алынып тасталды, резиденттерден материалдық емес қызметтер бойынша шегерімдер шектелді, цифрлық майнинг үшін ставкалар көтерілді. Микро және шағын бизнес үшін жиынтық жүктемені 35%-тен 20%-ке дейін төмендетіп, еңбекақы төлеу қорынан бірыңғай төлем көзделген. Сән-салтанат салығының жаңа тәсілдері енгізілетін болады.